A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауданның бас дәрігері таныстырылды

134

        Өткен аптада аудандық орталық аурухана ұжымына аурухананың бас дәрігері Үсенбаев Батырбек Балтабайұлын таныстыруға арналған жиын өтті.

Онда алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қалиев сөз алып, жиналғандарды Б.Үсенбаевтың өмірбаяны, еңбек жолымен таныстырды. Ал бұрынғы бас дәрігер Ж.Әйтішевтің Шу ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне ауысқанын жеткізді.

     Жиынға қатысқан аудан әкімі М.Мұсаев жаңа қызметке келген Батырбек Балтабайұлы мен  Шу ауданына ауысқан Жайдар Әскербекұлына қызметтерін жоғарғы деңгейде атқара берулеріне тілек білдірді.

Өз кезектерінде сөз алған Ж.Әйтішев өзімен ұзақ жылдар қызметтес болған әріптестеріне алғыс айтса, Б.Үсенбаев өзіне сенім көрсеткен басқарма басшысына сенім үдесінен шығатынын жеткізді.

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген А.Әлтай.

 

 

ТАҒАЙЫНДАУ

       Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қалиевтің 16.10.2020 жылғы № 439 бұйрығымен Үсенбаев Батырбек Балтабайұлы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

      Б.Үсенбаев 1972 жылы Жамбыл ауылы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Тараз қалалық №1 перзентханасының анестезиолог-рениматолог дәрігері болып бастаған. 2002-2014 жылдары Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының дерматолог дәрігері, Жаңаөзен қалалық орталық аруханасының анестезилог- реаниматолог дәрігері, Жаңаөзен ХХХХ қалалық ауруханасының балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері қызметтерінде болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.