A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауданды газдандыру мәселесі көтерілді

134

Өткен сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Орынбеков Бекболат Серікбекұлы аудандық «Коворкинг» орталығында облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.

Кездесуде «Алға қойған мақсатым – тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына барынша үлес қосу» деген Б.Орынбеков депутаттарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламада жергілікті өзін-өзі басқару саласына тың серпін беруге, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жандандыру, азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыру (жолдарды жөндеу), салауатты өмір салтын ұстану, тұрғын үй мәселесі, шалғай ауылдарға әлеуметтік көмек көрсету тәрізді жеті бөлімнен тұратын бағдарлама жан-жақты мысалдар келтіріле отырып айтылды.  Бекболат Серікбекұлы егер депутат болып сайланған жағдайда олардың орындалуына атсалысатынын жеткізді.

Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаты Жайдар Әйтішев пен аудандық мәслихаттың депутаты Шахикерім Исабеков сөз алып, өздерінің көкейлерінде жүрген өзекті деген мәселелерді қозғады. Оның ішінде ауданды газдандыру мәселесі де бар.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.