A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан басшысы өңір тынысымен танысуда

151

Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімі Н.Календеров Тасөткел су қоймасында болып қайтты.

1974 жылы пайдалануға берілген су қоймасында қазір 367 миллион текше метр су бар. Аудандағы егіс алқаптарын суару мақсатында пайдаланылып келген бұл су қойманың сыйымдылығы 620 млн мЗ  құрайды.

Су қойманың жұмысымен танысқан аудан басшысының ары қарайғы бағыты маусымдық дақылдар өсірумен айналысатын «Qyzylsha» ЖШС болды. 2018 жылы негізі қаланған серіктестікке 1373 егіс алқабы тиесілі. Соның ішінде 25,5 гектарға қант қызылшасы, 400 гектарға жүгері және 1000 гектар жерге арпа дақылдары егілген. Серіктестік Қант зауыты құрылысына 63 га жер телімін бөлген. Серіктестік өкілдері зауытты іске қоспас бұрын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін жүйеге қою мақсатында өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмысымен айналысып келеді. Қазіргі уақытта 204 га жерге наурыз айында 3 жаңбырлатып суару технологияларын пайдаланып отыр.

Әрмен қарай Нұржан Сәбитұлы Көкқайнар, Ақсу ауылдық округтерінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Іссапар барысында ауылдарда бірқатар мәселелер көтеріліп, аудан басшысы шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.

Медет Атайбеков,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.