A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан ұстаздарының есімі кітапта өрнектелді

104

Алматы қаласындағы «Үш қиян» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспаханасынан 650 беттен тұратын түрлі-түсті «Білімнің жаққан шырағын» деп аталатын Жамбыл облысы педагогтарының антологиясы жарыққа шыққаны белгілі. Бес жүз данамен шыққан жинаққа біздің ауданымыздан аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев бастаған ең таңдаулы деген 46 озат және ардагер ұстаздар енген.

– Алты жүзден астам ұстаздардың суреті, өмірбаяны, қызметтері мен марапаттары қамтылған кітапты шығарудағы мақсат-жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге жолдама берген мұғалімдер мәртебесін арттыру,-дейді кітаптың идея авторы, құрастырушы, облыстық «Білім шырағы» газетінің бас редакторы, белгілі журналист Райхан Бостанова.

Бес жүз данамен шыққан жинаққа біздің ауданымыздан аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев бастаған ең таңдаулы деген 46 озат және ардагер ұстаздар енген. Олардың алды өмірден өтіп кетсе, бейнетінің зейнетін көріп, өз шәкірттерінің жетістіктеріне қуанып жүргендері де аз емес. Мәселен кітапта мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған И.Ақылбаев, Т.Іңкәрбеков, О.Кәдірімбетов, Ш.Мерекенов, С.Мейірқұлов, Б.Арғынбеков, Ж.Ахметова, Ш.Әміреқұлов, М.Хасенов, Ж.Кемелқұлов, Б.Бегалиев, К.Дәуренбеков, С.Әшірбеков, А.Қожымов, К.Байжарасова, М.Сейдалиев, Б.Сүйкімбеков, О.Сағымбеков, Е.Жұмабаев, Ғ.Асатовалар бар. Сондай-ақ кітапта бүгінде білім саласында еңбек етіп жүрген Ләззат Шормантаева, Сәулеш Дүйсеметова, Гульфайруз Байсеркеева, Мақсұт Омаров, Эльмира Кәрібаева тәрізді алдыңғы қатарлы ұстаздарға да орын берілген.

Аталған кітаптың шығуына, кітапқа аудандағы өмірден өтіп кеткен алдыңғы толқын ата-апалармен бірге бүгінгі алдыңғы қатарлы ұстаздардың енуіне білім саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Мақсат Сейдалиевтің көп үлес қосқанын айта кеткен жөн.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.