A place where you need to follow for what happening in world cup

Аудан әкімі Н.Календеровтың аудан тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

153

Құрметті аудан тұрғындары!

Барша  мұсылман қауымының ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамы бауырмалдығымыз бен тура жолды ұстанатын игіліктеріміз сыналатын қасиетті күн, шапағат пен қайырымдылыққа жол ашатын ізгі амалдар тұтастығы.

Имандылық жолында бірлесе жұмыс атқарып жатқан ауданымыздағы ұлтаралық қатынастар достығының орны ерекше. Ислам дінінің ынтымақ пен татулық биігіндегі шығар белесі жан мен тән тазалығынан көрініс береді.

Ата-баба қанымен бойымызға дарыған сыйластық таныту, қамқорлық көрсету сынды арда қасиеттеріміз мейірбандылық күнінде екі еселенеді.

Елді бірлікке шақыратын ұлық күнде бір-бірімізге қарайласып, жақсы тілектер білдіру адамшылықтың деңгейі.

Ұлық мейрам карантин кезеңімен тұспа-тұс келіп жатқандықтан, сақтық шараларын ұстана отырып өтуі тиіс екенін білесіздер. Жамандыққа жақсылықпен жауап беретін сауабы мол мерекеде жасалған шарапаттың мың есе қайырлы екені мəлім. Осы орайда игі істер төгілетін күні əрбір жан өзінің жомарттығымен ерекшеленуден қалыс қалмауы керек.

Қадірлі мұсылман қауым!

Құрбан айт мүбәрак болсын!

Қанағатшылдық пен береке бастауы болсын деген ниетпен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.