A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ардагерлер үйінің» аллеясы тазаланды

135

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен республикалық көлемде жүзеге асырылып жатқан «Таза қазақстан» экологиялық акциясы аясында Құлан ауылындағы «Ардагерлер үйінің» аллеясы тазаланды.

Акцияға зиялы қауым өкілдері мен аудан жастары, қоғамдық жұмысшылар белсене қатысып, аллея аумағы күл-қоқыстардан тазартылып, гүлзарларға аббатандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, акция барысында белсенділік танытқан бірқатар аудан тұрғындарына округ әкімінің алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, жалпы аталған экоакция барысында 6 әлеуметтік нысан, 2 көп қабатты және 50-ден астам ардагерлер мен қарттардың аулалары, барлығы 40 шақырым арық-канал жүйелері және 18 саябақ, 15 сквер тазаланып, 1 100 түп тал-дарақтар отырғызылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.