A place where you need to follow for what happening in world cup

Алматы облысында бір отбасы мүшелері жұмбақ жағдайда қайтыс болды

193

Талдықорған қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Еңбек ауылында бір отбасыдағы 2 ересек адам мен 2 бала қайтыс болды. Мамандар отбасының неден көз жұмғанын анықтап жатыр, деп жазды turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, олардың нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

«2 ақпанда полиция Еңбек ауылында тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның жансыз денесін тапты. Оның екеуі – бала. Барлығы да бір отбасынан. Мәйіттерді ауыл тұрғындары тапқан» деп жазылған хабарламада.

Алдын ала дерекке сәйкес, отбасы мүшелері бірнеше күн бұрын қайтыс болған. Мәйіттер облыс орталығындағы зертханаға сараптамаға жіберілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.