A place where you need to follow for what happening in world cup

Алаяқтық – ардың ісі емес

232

Қазіргі таңда елімізде алаяқтыққа қарсы күреске бағытталған жұмыстардың жанданып, жаңа сатыға көтерілгені дау тудырмаса керек. Мұның негізгі себебін күш біріктіре қолға алынып жатқан шаралар тізбегімен түсіндіруге болады.

Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Бұл әрекет бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Соған орай, алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді.

Мәселен, Шу қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы төлем туралы жалған чектер ұсынып, ірі көлемдегі сомаға тауарлар сатып алып отырған.

Осындай шағыммен полиция бөліміне 58 жастағы жеке кәсіпкер әйел  жүгінген. Кәсіпкер әйел орын алған алаяқтық дерегінің 2 ай мерзімге  созылғанын хабарлаған. Дүкен иесі алданғанын  кездейсоқ білген. Қызына ақша аударуға қатысты қоңырау шалған кезде,  шотында  ақшасы болмаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі  190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу  барысында 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Тергеу нәтижелері анықтағандай, ер адам жалған чектер жасау үшін қосымшаны пайдаланған. Күдікті тауарларды тек үлкен көлемде сатып алып,  1,5 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы  болып,  тауар сатып алуда қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдау қажеттігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.