A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғыс айту – достық пейілдің көрінісі

286

Күнтізбеде 6 жыл бұрын ғана пайда болса да, Алғыс айту күні бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді. Бұл – ізгілік, қайырымдылық, достық сипат алған ерекше күн.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің орталық кітапхана кешенінде «Алғыспенен ел көгерер» атты ашық кураторлық тәрбие сағаты өтті. Ұйымдастырушылары – «Химия және химиялық технология» кафедрасы.

Жиында өзге ұлт өкілдерімен қатар белсенді студенттер, сондай-ақ аға оқытушылар қатысты. Студенттер арнайы дайындаған бейнероликтері арқылы өз жақындары мен білім ордасына алғыстарын білдірді. Өнерлі жастар әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй шертті.

Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан жиын соңында қатысушылар арасында ойын ойнатылды. Студенттердің білім, біліктері сыналды. Үздік деп танылған студенттерге арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.