A place where you need to follow for what happening in world cup

Айтқазы Қарабалаев: Берілген тапсырмалар орындалуда

114

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берген Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалғанын мәлімдеді.

«Облыс әкімі тарапынан бір жарым ай бұрын берілген тапсырмалар толықтай орындалып жатыр. Атап айтсам, қаланың ирригация жүйесін жаңғырту бойынша лотоктар орналастыру және қала тазалығын сақтау аясындағы қоқыстар жинау мәселесі шешімін тапқан», — деді қала әкімі.

А.Қарабалаевтың бұл мәлімдемесі аталған мәселелерге бақылау жүргізуші басқарма басшыларының өз салалары бойынша жасалған баяндамаларымен сәйкестік тапқанын айта кету керек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.