A place where you need to follow for what happening in world cup

«Абай оқулары» онлайн форматта өтті

22 470

Білім басқармасының ұйымдастыруымен 10-11 маусым күндері жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында ХХІ облыстық «Абай оқулары» байқауы онлайн форматта өтті.
Мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс бойынша 52 оқушы қатысты.
Байқау барысында оқушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі» номинациялары бойынша өзара бақ сынасты.
Қазылар алқасының шешімімен 31 оқушы жүлделі орындарға ие болып, байқау жеңімпаздары атанды.
Әр номинация бойынша І орын иеленген жүлдегерлер ағымдағы жылдың тамыз айында Семей қаласында өтетін «Абай оқулары» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.