A place where you need to follow for what happening in world cup

АҚШ-та әл-Фараби мен Абай бейнеленген монета және марка шығарылды

156

Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі әл-Фарабидің ескерткіш монеталарын, сондай-ақ Абай Құнанбайұлы бейнеленген пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті.

Монетаның алдыңғы жағында әл-Фараби бейнеленген, ал екінші жағында қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының қайта өркендеуін бейнелейтін бүркіт бейнеленген «Рухани жаңғыру» логотипі орналасқан.

Сонымен қатар, Елшілік биыл әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда ақпан айында АҚШ-тың жетекші университеттерінде қазақ фильмдерін көрсете бастайды.

Жыл бойы фотокөрмелер мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ америкалық сарапшы және академиялық топтар үшін Абай Құнанбайұлы мен әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптардың көрсетілімдерін өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, елшіліктің ақпараттық ресурстарында батыс саяхатшылары жасаған 19 ғасырдағы Қазақстан тарихының фотосуреттері тұрақты негізде орналастырылуда.

inform.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.