A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда түзеу мекемесінде «Алтын күз — 2021» мерекесі аталып өтті

331

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі сотталған азаматтар «Алтын күз — 2021» мерекесін атап өтті. Салтанатты шара барысында мекемеде жазасын өтеушілер өз өнерлерін ортаға салды.

Кезең-кезеңімен өткен сайыс барысында қатысушылардың барлығы делік белсенділік танытып, күз туралы жырдан шашу шашты. Мерекенің өтуіне ұйытқы болған мекеме басшылығы мұндай шаралар сотталғандардың қоғамнан сырт айналмауына өз септігін тигізетінін жеткізді.

— Жаза басып, жаңылған осылайша сотты болғандардан қоғам сырт айналмаса дейміз. Біз олардың қоғаммен байланыс үзбеуі үшін жүйелі түрде түрлі мәдени-спорттық шараларды өткізіп тұрамыз. Бұл өз кезегінде жазасын өтеушілердің түзелу жолына түсуіне септігін тигізеді, — дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Оңбаев.

Айнұр Ахашева,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.