Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін желілік ғылыми жобалар сайысында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі командалық есепте 1орын иегері атанып, әртүрлі пәндерден 9 жүлделі орынға ие болды.
Сайысқа төрт бағыт бойынша барлығы 264 жоба ұсынылды – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар».
Атап айтсақ,
1-орын: «Таза табиғи орта- «Қазақстан-2050» жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша – Арсен Жұмағали, Ақәділ Айту, Зарифжон Рахимов.
«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша — Аружан Манарбекова.
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік бағдарлар» бағыты бойынша — Мерей Марат, Фариза Құрманбекова.
3-орын: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» бағыты бойынша — Нұрғиса Қабарбек пен Алия Анарбаева.
«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша — Аружан Жақсылық.
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік бағдарлар» бағыты бойынша – Фатима Баймақанова, Лейла Жақызбай.
Енді оқушылар желілік байқаудың өзге де жеңімпаздарымен бірге ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің абыройын қорғайтын болады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық