A place where you need to follow for what happening in world cup

Полиция департаментінің мұражайында экскурсия ұйымдастырылды

102

Жамбыл облысы полиция департаментінің жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайында студент жастармен экскурсия ұйымдастырылды. Студент жастар Жамбыл облысы полиция департаментінің тарихымен танысты. Оларға арнап Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы толыққанды бейнефильм көрсетілді. Қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерін еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Облыстық Полиция департаменті мұражайының үш экспозициялық залында Жамбыл облысының ішкі істер органдарының Әулие-Ата кезеңінен (1919 жыл) бастап қалыптасуын бейнелейтін 1500-ден астам экспонат қойылған. Мұражай қорында құжаттар, нысанды киім, арнайы техника, қару-жарақ, кітаптар мен музыкалық аспаптар секілді көптеген бірегей экспонаттар бар. Қазіргі уақытта музей аумағы- 330 шаршы метр, экспозициялық және кинозалы бар. Экспозициялық залда «Керей және Жәнібек хандар- Қазақ хандығының негізін қалаушылар», «Қазақ хандығының батырлары», «Мемлекетттік рәміздер мен ҚР Конституциясы», «Жамбыл облысының ІІО генералдары», «Кеңес Одағының Батырлары,ҰОС және кеңес милициясының ардагерлері – Александр Фёдорович Петров пен Бауыржан Момышұлы» және т.б. стенділер мен витраждар студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өтті.
Мақсаты:
— Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
— Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
-Заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағыттау.
Өткізілген орны: Жамбыл облысы полиция департаментінің жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайы. Қатысушылар: Студент жастар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.