A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастар заңбұзушылыққа қарсы

55

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында. Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Заң мен құқық» атты кездесу өтті. Заң — кез келген мемлекеттің негізгі құраушысы. Мемлекеттің бейбітшілікте өсіп өркендеуі үшін, халықтың еш бір қорқынышсыз күн кешуі үшін, қауіпсіздікте өмір сүруі үшін, ең маңызды компонент болып табылады. Полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасының аға инспекторы, Садыков Асхат Құрманғалиұлы студент жастарға арнайы лекциясын оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу ашық сұрақ — жауап форматында өтіп, студенттер қоғамдық күнделікті өмірде көріп жүрген, қылмыстық іс-әрекеттер туралы сұрақтарына жауап алды.
Нашақорлық, қалта ұрлығы, қыз алып қашу, суйцид сынды қылмыстардың алдын алу, қылмыстың ізін суытпау, заттай дәлелдемелер алу, секілді жұмыстың барысы қалай жүретіндігі туралы ақпарат алып, студенттеріміздің құқықтық сауаттылығы артты.

Мақсаты:
— Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
— Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Қатысушылар: Жамбыл облысы Полиция департаменті Жедел криминалистика басқармасының аға инспекторы Сыдықов Асхат Құрманғалиұлы пен Дулати университетінің белсенді студенттері.
Жалпы аталмшыш іс-шараға 30-дан аса студент жастар қатысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.