A place where you need to follow for what happening in world cup

Студенттер салауатты өмір салтын қолдайды

94

Қ.Рысқұлбеков саябағында «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты студент жастармен кездесу өтті. Кездесуді Тараз қаласы «Зеркүміс» салауатты өмір салты орталығының маманы Сарыбаева Балкаш ханым өткізді.
Жиын барысында студенттер толық түрде маска тағып, арақашықтық сақтап санитарлық талаптарды сақтады.
Жастарға қазіргі таңда елімізде болып жатқан зардабы ауыр кеселдер жайлы түсіндіріліп өтіп, салауатты өмір салтын сақтау керектігі айтылды.
Кездесу соңында студенттер ой алмасып сұрақтар қойып, айтылған маңызды дүниелерге байланысты ойындар ойнатылып, жиын барысы қызықты өтті.

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастыруымен өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.