A place where you need to follow for what happening in world cup

Таластықтардың тұрмысын баянды бағдарламалар түзейді

258

Өткен жылы Талас ауданының негізгі капиталына салынған инвестициялардың  жалпы көлемі 16 млрд. 569 млн. 800 мың теңгені құрап, 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызға немесе 1 млрд. 014 млн. 300 мың теңгеге артық орындалған. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Қазанбасов өзінің қорытынды есеп беру жиынында айтты.

– 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 894 млн. 200 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 121,5 пайызға немесе 334 млн. 600 мың теңгеге ұлғайды.

Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 19 млрд. 150 млн. 500 мың теңгенің 14 жобасы несиеге қолдау тапты.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясындағы Талас ауданы Үшарал ауылдық округі бойынша барлығы жоспарға сәйкес пилоттық округте 771 млн. 240 мың теңгеге 185 жоба құжаттары өткізілді. Қазіргі таңда әр бір бағыты бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда, – деді Б. Қазанбасов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.