A place where you need to follow for what happening in world cup

100 кітап тарту етілді

637

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелеріндегі кітапханалардағы кітап қоры — 23 мыңнан данадан асады. Оның ішінде сүбелі шығармалар да мол.

Жуырда департаменттің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының аға инспекторы әділет майоры Айгүл Танашева облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың басшылығына хат жазып, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. Өз кезегінде кітапхана басшылығы бұл өтінішті құп көріп, әртүрлі жанрдағы 100 кітапты сыйға тартыпты.

— Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Жазалы жандардың түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол, — дейді облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Қанат Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.