A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

334

Енді санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын жауапкершілікте күшейе түсетіні анық. Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен басқосуда түзеу мекемелеріндегі білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы пысықталып, олардың бүгінгі жай-күйі баяндалды.

Жиынға департамент бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты кешкі мектептің директоры Ақмарал Қошқарова, аталған бөлімнің оқу-кеңес беру пунктінің меңгерушілері Нұрлан Жамашов, Қырғызбай Қалиев және №15 кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Балабек Тоқабаев сондай-ақ түзеу мекемелері бастықтарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бөлім басшылары қатысты.

Кездесу барысында Қанат Шамарданұлы Конституцияға сәйкес елімізде сотталушының орта білімі жоқ болса, жазасын өтеу мерзімінде оған орта білім берілуі тиіс екендігін атап өтті.

— Өздеріңізге мәлім, өңірдегі түзеу мекемелерінде кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп бітірушілерге негізгі орта білім және жалпы орта білім туралы аттестат беріледі. Өткен жылы 23 сотталған азамат дәл осындай аттестатқа ие болды. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілердің №15 кәсіптік-техникалық колледжде 6 мамандық бойынша білім алуына мүмкіндік берілген. Атап айтқанда, сотталушылар жиһаз өндірісі, электрмен қамтамасыз ету, пісіру ісі, кран манишинсті, токорлық іс және металл өңдеу шебері мамандықтарын игере алады. Былтырғы жылы 138 аталған осы колледждің түлегі атанды. Алдағы жаңа оқу жылында да дәл осы бағытта жұмыс істеу қажет. Бүгінгі жиынның басты мақсаты – білім ошақтарындағы түйткілді мәселелерді бірлесе шешу, орын алған кемшіліктерді жою, — деді Қ.Жарылғапов.

Жалпы, түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіптің жақсаруына және жазасын өтеушілердің қоғамға тез сіңісуіне білімнің ықпалы зор екені анық. Өйткені, кітап оқу жаман әдетке итермелемейді. Бастысы, жазасын өтеп шыққаннан кейін де сотталған азаматтардың көпшілік ортаға сіңісіп, түзелген тәртібін көрсетіп, жұмыс істеп, табыс табуы үшін де білім, кәсіп қажет. Осындай игі істі жүзеге асыруға бағытталған аталған жиын қорытысындысында қатысушылар бағдары анық оқу орындарының кем-кетігін бүтіндеуді бірлесе атқаратын боп уағдаласты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.