A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастардың қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық»  атты акциясы өткізілді

147

Жасөспірімдердің бойындағы рухани адамгершілік сезімін ояту мақсатында 2021 жылдың 6 мамыр күні жастар саясаты мәселелерінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Д.Кәрібектің облыстық ардагерлерді қабылдау барысында берілген тапсырмасына сәйкес, а.ж. мамыр айында абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлының және жазушы, драматург, сценарист Әшімов Әкім Ұртайұлының (Әкім Тарази) еңбектерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастырылды.

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында 20 мамыр – 1 шілде аралығында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері мен облыстық, Тараз қалалық және барлық 10 аудандық жастар ресурстық орталықтары тарапынан 128 іс-шара өтіп, демеушілер тарапынан 1 млн астам теңгеге көмек көрсетілді (азық-түлік себеттері, тұрмыстық заттар, т.б.). Оның ардагерлерге, жалғызбасты қарияларға азық-түлік себеттері беріліп, үй шаруасына көмек көрсетілді, атап айтқанда ерікті жастар қыстық отын-суларын әзірлеп берді, есік алдындағы күл-қоқыстарын тазартып, жер аударды.

Аталмыш акция жастарды ізгілікке, мейірімділікке, кішіпейілдікке, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып қарияларды қорғау және қолдау, көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттарға, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне үй шаруашылығы бойынша қол ұшын беру (отын жару, жөндеу жұмыстарын жүргізу, әктеу, сырлау, т.с.с.), әлеуметтік жағдайы төмен қарттарға демеушілер арқылы материалдық көмек көрсету, сырқаттанып, төсек тартып жатқан қарттарға қамқорлық жасауды үйретеді.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Мен атаммен мақтанамын» челлендж акциясы өтті. Акцияға өңір жастары белсенді қатысып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында атасының соғыстағы ерлігі туралы мақтанышпен жазып бөлісті. Аталмыш акцияны өткізуге Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас, Меркі, Қордай аудандырының жастары әлеуметтік желідегі парақшаларында белсенділік танытып, посттар жариялады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жастар нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.