A place where you need to follow for what happening in world cup

Кәсіби мерекелерімен құттықтады

481

Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Дегенмен денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға қашанда дайын тұратын дəрігерлерді əрдайым дəріптеуіміз керек.

Оның үстіне зəре-құтымызды қашырып отырған дəл бүгінгі зауал шақта халқымыз медицина мамандарының көмегіне одан сайын зəру болып отыр. Қызметіне адал, елге жанашыр дəрігерлер осынау сын сағатта уақытпен санаспай, еңбегін бұлдамай жаһанды жайлаған індетпен күресте аянбай тер төгіп жүр.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов ұйымдастырған іс шаралар өткізілді.

Оның аясында медицина қызметкерлерінің мейрамына орай сотталған азамат Мүсілімхан Арман өзінің ақ тілегін плакат бетіне түсіріп, ақ халатты абзал жандарға тарту етті. Сондай-ақ,  әділет майоры Гүлшат Медетбекова басшылық ететін мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Расында, адамзаттың аман дығына, жұмыр жердің тұтас тығына орасан қауіп төндіріп тұр ған індетті ғалымдардың, дəрі гер лердің күшімен ғана жеңе аламыз. Медицина саласының мамандары қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық. Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.