1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты түзеу мекемелерінің жеке құрам қызметкерлері аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсетуде.
Атап айтқанда, бұл күні ЖД-158/5 мекемесінің ұжымы бірнеше жылдан бері көмек көрсетіп келе жатқан көп балалы Мамбетязовтардың отбасында болып қайтты. Сырға Мамбетязова кәмелетке жасқа толмаған 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр.
Жылы жүздесу барысында мекеме қызметкерлері балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтармен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде көпбалалы ана Сырға Мамбетязова арнайы уақыт бөліп, мереке қарсаңында бауыр еті балаларына риясыз қуаныш сыйлаған ҚАЖ қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты