Аудан әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес мектеп-лицейде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Шара барысында өртке қарсы және эвакуациялық жұмыстар пысықталды. Жедел әрекет ету жұмысына азаматтық қорғау жасағының 9 арнайы техникасы және 30 қызметкер жұмылдырылды.
Мектеп қызметкерлеріне әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Оқу жаттығу кезінде өрт сөндіруші топ,полиция қызметкерлері, жедел-жәрдем, газ қауіпсіздігі мамандары және электр жүйесінің авариялық бригадасы дайындық жұмыстарының жоғарғы деңгейде екенін көрсетті.