М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дінтану» орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев облыс бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов және мекеменің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобы қызметкерлерінің шақыртуымен түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтарға дәріс оқыды.
Мекемедегі жазасын өтеушілер Б.Қ.Алпысбаевтың «Ұлттық-діни сана қалыптаспай рухани жаңғыра алмаймыз» атты тақырыбындағы дәрісін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді де білікті дінтану маманнан көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Махмуд Сегізбаев,
ЖД-158/2 мекемесі теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет капитаны