A place where you need to follow for what happening in world cup

Баға бағамы тұрақты бақылауда

547

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге қазақстандықтардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды қамтамасыз ету туралы стратегиялық міндет қойды. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру мәселесі өте маңызды» ,- деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы бағытта жүйелі шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес ауданда тиісті шаралар қолға алынуда. Апта ішінде аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қаратау қаласындағы бірнеше әлеуметтік дүкендерді аралап, нан, сүт өнімдері және тағы басқа әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын бағамдап қайтты. Қаламыздағы «Корзина-Себет», «Диас» сияқты ірі сауда дүкендері мен «Аида» әлеуметтік дүкенінде халық күнделікті тұтынатын азық- түлік тауарлары, оның ішінде ұн, сұйық май, қант және сүт өнімдері басқа дүкендерімен салыстырғанда едәуір төмен бағамен сатылуда. Мәселен, өңірде нан бағасы 85 теңге болса, «Корзина-Себет» дүкенінде 75 теңгеден босатылуда. Мұнда нан және нан өнімдерінің бірнеше түрлері өздерінде дайындалатындықтан шекті бағадан төмен саудалануда. Ал басқа дүкендерге нан қаладағы наубайханалардан жеткізіледі. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6100 бөлке нан пісіріледі екен. Осылай деген аудан әкімдігі кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров басқа да азық-түлік тауарлары бағасының әркелкі болуының себебін тауар өткізушілердің бағаны өсіруінің себебінен деп түсіндірді.
Зерделеу жұмыстары барысында аудан басшысы Бақыт Қазанбасов сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөніс сияқты сыртан келетін тауарлардың бағасындағы айырмашылықтарға назар аударып, тиісті сала басшысына бағаны тұрақтандыру ға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бақыт Алпысбайұлы бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, бағаның негізсіз өсуі мен делдалдық әрекеттерді болдырмау және қазақстандық тауар өндірушілердің өнімі халыққа қолжетімді болуы үшін берген нұсқауларына сәйкес, нақты шараларды қолға алып, жүзеге асыруды тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.