A place where you need to follow for what happening in world cup

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

409

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін халық көп жиналатын супермаркеттер мен кафелерде санитарлық нормалардың, карантин талаптарының сақталуы жіті қадағаланды және аталмыш ережелерді бұзғандарға ескерту беріліп, айыппұл салынды. Атап айтар болсақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабы 1 бөлігімен жеке кәсіпкерлік нысандарында жұмыс істейтіндер мен жеке тұлғаларға жалпы 479 220 теңгеге 11 айыппұл салынды. Оның ішінде 7 материал бетперделік режимді сақтамау бойынша болса, 4 материал шектеуден тыс адам жинап, әлеуметтік қашықтық сақтамастан отбасылық іс шара өткізгені үшін салынды.
Рейдтік шараларға аудан әкімінің орынбасары Роман Әлімханұлы мен Қаратау қаласының әкімі Мақсат Рысбаев та қатысып, жоғарыдағы мекемелердің жағдайын бақылап қайтты. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан да мекеме иелеріне коронавирус инфекциясының қаупі сейілмегендігі, карантиндік шараларды қатаң сақтау қажет екендігі түсіндірілді.
Ауданда құрылған мониторингтік топтардың рейдтік тексеру нәтижесінде аудандық полиция қызметінен 2021 жылдың 1 қаңтар мен 7 сәуір аралығында анықталған карантиндік шараларды бұзу фактілері бойынша басқармаға 13 құжат келіп түскен. Оның 11-і жергілікті полиция қызметінен, 2-і Үйлестіру орталығынан. Үйлестіру кеңесінен түскен 2 құжат қаралу үстінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.