A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастарды парасат жолында тәрбиелеу керек

281

Сыбайлас жемқорлықты жою — бүгінгі күннің басты талабы. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде  жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында республикада, аймақтарда арнайы агенттіктер құрылып жұмыс істеуде.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы Сәдібек Түгел және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев ауданға арнайы іссапармен келіп, бірқатар мекемелерді аралады. Жұмысшы топты аудан әкімі Олжас Қаржауов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков бастап жүрді.
Жұмыс тобы алдымен Нұрлыкент ауылдық әкімдігінде ашылған «Ашық әкімдік» жұмысымен танысты.  Мұндағы жұмыс барысымен ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Бақытжан Назар таныстырды.
Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында 2019 жылы 19 қарашада сервистік әкімдік ашылған. 94 мемлекеттік қызметтер және Egov.kz порталы арқылы 425 азаматқа түрлі анықтамалар берілген және электронды кілт алынған.
Келесі кезекте жұмыс тобы аудан орталығынан ашылған «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен  танысты.
Аталған «Сервистік әкімдік» Қонаев көшесінде орналасқан «Халық банкі» АҚ Жуалы аудандық бөлімшесі ғимаратынан 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап ашылып, ауыл тұрғындарына 29 түрлі қызмет көрсетуде. Жалпы мұнда аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері орналасқан.
Жұмысшы топ «Сервистік әкімдіктің» мәжіліс залында аудандағы «Адалдық елшілерімен» кездесу өткізді.
Сөз кезегін алған Сәдібек Түгел: «Өткен жылдың тамыз айында Антикор Ұлттық академиялық кітапхана базасында шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен тікелей эфирде кездесу өткізіп, онда адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы талқыланды. Парасаттылық идеологиясын насихаттау мен ілгерілетудің маңыздылығын ескере отырып, кітапханалар базасында «Парасат жолы» филиалдарын жаппай ашып, елордалық тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне тарату туралы шешім қабылданды.
Кітапхана — руханияттың ордасы. Мұндағы мақсат — зиялы қауымды, яғни жазушылар, ғалымдар, ақындар, теологтар, дін өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіру» — деді.
Жұмыс жоспарына сәйкес жұмысшы топ аудандық орталық кітапхананың «Білім» залында өткен «Күш атасы -Қажмұқан» атты қазақ елінің мақтанышы, асыл тұлға, алапат күш иесі Қажмұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған тарихи саяхат кешіне қатысты.
Келесі кезекте Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған жеріне табан тіреген жұмысшы топ Баукеңнің мемориалдық музейіне барып, музейдегі құнды жәдігерлермен танысты.
Жұмыс тобы аудандағы іссапары аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынмен қорытындыланды.
Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиынды аудан әкімі Олжас Қаржауов жүргізді.
Алашқы сөз кезегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева берілді.
Жазира Жылқышиева өз кезегінде еліміздің аймақтарындағы іссапарының мақсаты — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру екінін айтып, Заңдағы өзгерістерге жеке-жеке тоқталып, түсінідіріп өтті. Агенттіктің саясаты мен атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалу барысы, оның ішінде 2018-2020 жылдарға арналған жоспардың тармақтарын өңірдегі орындалуы жайында сөз қозғады.
-Ішкі талдау жүргізгенде оған қоғам өкілдерін қатыстыру керек. Қазір Заңның қатаңдатылғанын жақсы білесіздер. Енді сыбайластыққа жол берген азаматтар бұрынғыдай жазадан құтылып кете алмайды. Оларға абақтыдан мерзімінен бұрын бостылу мүмкіндігі алынып тасталды. Ал енді қызметкер парамен ұсталса, бірініші басшы жұмыстан босатылатын болады.
Ішкі талдау — бұл өз кемшіліктеріңізді тауып, оны түзетуге берілген үлкен мүмкіндік. Сондықтан оны формалды түрде емес, іс жүзінде мұқиятттылықпен орындаңыздар,- деді Жазира Жақсылыққызы.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауданда атқарылған жұмыстарды байндады.
Жазира Жылқышиева Серік Дүйсенбайұлынан ауданда қанша бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалғанын, онда қанша тәуекел анықталғанын, заң тармақтарының қанша пункті орындалғанын сұрады. Аппарат басшысының 11 бөлімде жүргізілген талдау нәтижесінде екі тәуекел ғана анықталды деген жауабына қанағаттанбаған Жазира Жылқышиева талдаудың формалды жүргізілгенін айтып, аудан басшысына өткен жыл мен биылғы жылдың І жартыжылдығына қайта талдау жасау керектігін, оған қоғам өкілдерін қатыстыру қажеттігін тапсырды. Және барлығы ашық, жариялы түрде жүргізілуін ескертті.
Аудан әкімі Олжас Еселханұлы бұл бағыттағы жұмыстың кемшіліктері анықталып, бүгінгі таңда оларды түзету мақастында жүйелі жұмыстар ұйымдастырылып жатқанын айтып өтті.
Сөз кезегін алған жазушы, республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел парасаттылық — кісіліктің шыңы екінін айта келіп, халықты тәуелміздігіміздің алғашқы отыз жылдығында еліміз етек-жеңін жинап, еңсесін тіктегінін, ендігі жерде кемшіліктерімізді түзетуге мықтап кірісу қажеттігін айтты.
«Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Дүрәліұлы өз ойын «Адамның құлқы өзгермей, өмірдің құлқы өзгермейді» деген нықыл сөзбен жеткізді.
Жиында сонымен бірге «Отандамтар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шора Искаков, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалив сөйледі.
Жиынды қорытындылаған Жазира Жылқышиева мемлекеттік қызметкерлерге әрбір құжатпен жұмыс істегенде, оның артында бір адамның тағдыры тұрғанын естен шығармау керектігін, халыққа сапалы қызмет көрсетуге және ашықтыққа шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.