A place where you need to follow for what happening in world cup

Ағаш отырғызу – сауапты іс

440

Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама.

   Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылымен тұспа-тұс келіп отырған Наурыз мерекесі Т.Рысқұлов ауданында тал отырғызу рәсімінен бастау алды.
Күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын тұсы болып есептелетін Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз осыдан қалған болуы керек. Сондай-ақ наурызда көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егілген талдың саясы мен жемісі мол болады деп сенген. Сондықтан отырғызылған ағаш көшеттерін көздің қарашығындай сақтап, баптап-күту де ерекше маңызды. Ауданымызды көгалдандыру және көркейту мақсатында “Отаным –жасыл мекенім” республикалық акциясы негізінде 2500-ден астам көшеттер сап түзеді.
Аудан орталығындағы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп ауласында Ұлыстың ұлы күніне орай жеміс ағашт көшеттері отырғызылды. Оған санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып аудан әкімі Ерболат Садырқұлов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы П.Сүлейменов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.

  Акцияны өткізудегі негізгі мақсат аудан тұрғындарын ауылды таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, ауылды таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.
Егер де әрбір ауыл тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз. Бұл күні аталған шара ауданның барлық ауылдық округтерінде өтті.
Үш сауаптың бірі-тал отырғызу дегендей, тал егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, қажетті іс екендігінің дәлелі. Экологиялық тәрбие – азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға әсер ететіні сөзсіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.