A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында 300 жұмыс орны ашылады

201

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында қолайлы іскерлік ортаны, бизнеске тиімді қолдау көрсетуді және бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің бизнес-дағдысы мен құзыретін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударып, Үкімітке бірқатар тапсырманы жүктегені баршаңызға мәлім.

Бұл бағыттағы игіліктерді жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер жердің құрылымынан бастап, ауа райының қолайлылығына дейін баса мән беретіні сөзсіз.

Ал Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының географилық орналасуы инвесторларды тарту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады.

Өңірде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында субсидияланған несиелер, инфрақұрылымдар тарту, индустриалды даму картасына енгізу арқылы жер телімдерін беру және басқада жеңілдіктер кәсіпкерлерге жаппай ұсынылуда.

Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиевтің мәліметіне сүйенсек, ауданда 4500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс жасайды. Бүгінде бизнес субъектілері аясында 7100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылса, соңғы үш жылда ауданға 78,0 млрд тенгені көлемінде инвестиция тартылған. Оның ішінде 28,9 млрд тенге өткен жылдың еншісінде болса, жылдың қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпкерлер 34,2 млрд тенгенің өнімін өндірген.
Ағымдағы жылға жүктелген меже 30,0 млрд тенгені құрап отыр.

Бұл бағытта ауданда инвестициялық жобаларды мониторингілеу және сүймелдеу мәселелері бойынша тиісті жұмыс тобы құрылып, инвестициялар пулы анықталды. Қазіргі таңға жалпы құны 36 млрд тенгеге 7 ірі жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев ауданға инвестиция тартуға ниет білдірген «Аса Агро» және «Jambyl Pharm MS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорлары Төлебай Меңдіоразов пен Света Шаушенованы қабылдап, тиімді жобаларымен жан-жақты танысты.

Кәсіпкер Төлебай Мырзағұлұлы 75 гектарға ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысын бастау үшін 2 ,5 млрд теңгені жұмсағалы отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса, тәулігіне 2 тонна 700 келі бройлер етін сатылымға шығармақ.
Ал 2023 жылдары негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 10 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр екен.
Бұдан бөлек 250-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Ал Света Гимранқызы 3.5 млрд теңге көлемінде фармацевтикалық зауыт салып, 50-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтымақ екен. Жеке кәсіпкердің басқада мақсатты жоспарлары сан алуан.

Сондай-ақ қабылдауда болған кәсіпкерлер жер берілсе және инфрақұрылымдық жүйелері бойынша қолдау көрсетілсе деген ұсынысын аудан басшысына жеткізді.

Қабылдау соңында өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойған Сәкен Қаланұлы:
— ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге ынта білдірген азаматтарға әрқашан қолдау бар. Қазір жобалараңызды осында отырған сала мамандарымен зерттеп қарадық.
Шыны керек, ауқымды игілік. Соңына жеткізуге күш салу қажет. Міндетті түрде біздің тараптан қолдау көрсетіледі, — деді.

Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.