A place where you need to follow for what happening in world cup

Тағылымдаманы табысты аяқтау — тәжірибеден өтуші жастардың басты мақсаты

607

Бүгінгі таңда ҚАЖ саласында қызмет етуді мақсат еткен жастар көп. Соның бірі – Әділет Ақшалов. Қазіргі таңда жас маман өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінде тағылымдамадан өтуде. Тәлімгері — тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Әділет Сабырұлы.

Тағылымдаманы табысты аяқтап, одан әрі білімін жетілдіру жоспарында бар Әділет мекеменің басшы құрамының жұмысты жүйелі ұйымдастыруының нәтижесінде тағылымдамадан өтуші жастардың жігерленіп, жаңа ортада өз қабілеттерін көрсетуге бар күшін салып жүргендігін айтады.

— Тағылымдама барысында біздер мақсат қою, жұмысты ұйымдастыра білу сияқты өзімізге қажетті дүниелерді үйренудеміз. Тәлімгерім Әділет Сабырұлы бұл салада талай жыл тер төккен тәжірибелі қызметкер. Ол маған жұмыста кездесетін әртүрлі қиындықтарды еңсеруге үнемі көмектесіп, ақыл-кеңесін айтады, — дейді жас маман.

Жуырда Әділет Сабырұлы өз шәкіртінің жанұясына арнайы барып қайтты. Бұл жай қыдырыс емес. Ондағы мақсаты — келешекте ҚАЖ саласында қызмет етуді ойлап жүрген жас жігіттің ата-анасымен тілдесу, отбасымен жақынырақ танысу.

— Мекемеден тәжірибеден өтуге келген жастардың талапшылдығы қуантады. Шынмәнінде, қазіргі заманның жастарымен тіл табысу, олармен жақсы қарым-қатынас орнату біз үшін де қызық. Сыннан сүрінбей өткен жастардың жұмыссыз қалмайтыны белгілі. Әділет Ақшаловта өз қарым-қабілетін көрсетуге ынталанып, ұжымда абыройлы болуға тырысып-ақ жүр. Жақында ата-анасымен арнайы танысып қайттым. Тәрбиелі, сауатты жандар екен. Ұлдарынан үлкен үміт күтеді. Өз кезегінде мен де жас маманға тәлімгерлік көрсетіп, кәсіби бағдар берудемін. Әділет өзіне жүктелген міндетті атқарып, сенімнен шығады деген ойдамын, — дейді Ә.Сабырұлы.

Айгерім ЕРУБАЕВА,
ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.