A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа мектеп Жамбылдың мерейтойына тарту етіледі

262

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Нұрлан Несіпбеков және аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев аудандағы құрылысы аяқталған бірқатар нысандарға арнайы барып, олардың жай-күйін көрді.
Аса ауылындағы көпқабатты 76 пәтердің кілтін жуық арада кезекте тұрған азаматтарға табысталады. Ел игілігіне берілетін тұрғын үйге тазалық жұмыстарын тағы бір қайтара үйлестіру керектігін тапсырған Сәкен Қаланұлы алдағы күндері қайта қайырылатын жеткізді.
– Қазір біз тұрған нысан ел игілігіне беріледі. Осы баспананы қаншама жылдан бері күтіп жүрген тұрғындар бар. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ететін ғимараттың айналасында көзге оғаш көрінетін тұрмыстық қалдықтар көп. Тұрғын үймен қауышқан тұрғындардың көңіліне осындай титімдей кемшіліктер әсер етеді. Алдағы аптада тағы бір көріп кетемін, – деді аудан басшысы мердігер өкіліне.
Мұнан соң Жамбыл ауылындағы Жамбыл орта мектебіне аралаған Сәкен Қаланұлы білім ордасын жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына тарту болатынын айтты.
– Құрылыс жұмыстары көңілден шығып отыр. Ішкі безендірулер көздің жауын алады. Бұл білім ордасын жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына тарту ететін боламыз. Ол күнде алыс емес. Дегенмен білім ошағының айналасындағы жасанды тоған алқабын ретке келтіру керек, – деген Сәкен Қаланұлы тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сапар соңында Бесжылдық ауылындағы көк туымыз желбіреген аллеяға бас сұққан аудан әкімі Сәкен Арубаев тиянақты тірліктің куәсі болып, нысанды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылуын ұйымдастырылатынын БАҚ өкілдеріне жеткізді.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.