A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантинге қарамай той жасаған

344

Санитарлық нормаларды сақтау – коронавируспен күресте маңызды шарт.  Аудан аумағында мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен карантин талаптары сақталуына байланысты қатаң бақылау жүргізіліп жатқаны белгілі.  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі жанынан құрылған аудандық мониторингтік топ ақпан айының алғашқы жартысында дүкендер мен қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың орындалуына рейдтік шаралар жүргізді. Кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантиндік талаптардың сақталуын зерделеді.

Алғашында аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев жетекшілігімен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мониторингтік топ Құлан ауылындағы «Жекен» мейрамханасын, «Қарагөз», «Ақ босаға» әмбебап дүкендерін және Луговой ауылындағы «Түркісіб» ТЖ вокзалын, «Әсел» дүкендеріне коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Рейд барысында аудан тұрғындарына санитарлық талаптарды сақтау қажеттігі және маңыздылығы түсіндірілді.

Коронавирус инфекциясының таралуының  алдын алу мақсатында құрылған мобильдік топтың кезекті рейдтік жұмыстары барысында Құлан ауылындағы «Жұмабек» мейрамханасында  санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтамай той жасалып жатқандығын анықталды. Мониторингтік топ тарапынан той тарқатылды. Мейрамхана иесіне хаттама толтырылып, тиісті мемлекеттік мекемеге жолданды.

Айта кетерлігі, «Ұлттық сараптама орталығының» Жамбыл облысы бойынша филиалы  Т.Рысқұлов аудандық бөлімшесіне бір балабақшаға, бір мектепке, «София» дүкеніне және «Арзан» маркетіне  сегіз хаттама толтырылды.

Жаһанды дүрліктірген індет жойылмайынша, осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Сондықтан, аудан тұрғындарынан эпид-ахуалға байланысты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.