Жуалы ауданы әкімі Н. Ергебеков облыстық жас ақындар айтысында топ жарып бас жүлде алған Даярбек Санжарды қабылдады.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған Облыстық «Жыр алыбы — Жамбылым» атты жас ақындар айтысына Жуалы ауданының атынан қатысып, бас жүлде иеленген ауданның жас ақыны Санжар Даярбекті жеңісімен құттықтап, қазақтың ұлттық аспабының бірі –домбыраны сыйға тартып, дипломдар тапсырды.
Аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы құттықтауында бабы мен бағы қатар жанған жас ақынға деген ізгі тілектерін білдіре келе, алдағы уақытта өтетін республикалық жас ақындар айтысында сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауданнан шыққан әрбір өнерлі, дарынды жастарға қолдау көрсететінін жеткізді.