A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауылдағылар өркениет көшінен қалмауы керек

662

Бүгінгі күнге Шу ауданындағы елді-мекендердің басым көпшілігіндегі электр желілерінің тозығы жеткені жасырын емес. Ауыл ішіндегі электр бағаналары мен желілері тозған, желдің салдарынан электр жарығы жиі сөнуіне байланысты бағаналарды ауыстыруды қажет етеді. Аталған мәселені шешу бағытында 2021 жылға Қонаев, Төле би, Дулат ауылдық округінің ескірген бағаналарын жаңарту мен ауыстыруға жалпы 71,1 млн тг. қаржы қарастырылды. Қалған ауылдық округтердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Қазіргі уақытта барлық елді-мекен ұялы байланыс желілерімен, мобильді интернетпен толық қамтылып отыр. Осыған дейін Тасөткел ауылдық округі  ұялы телефонның байланыс желісіне мүлдем қосылмаған болатын. 2020 жылы елді-мекенге «Ксell» АҚ-ның байланыс құрылғысы орнатылып, 1168 тұрғын «актив» және «кселл» ұялы байланыс желілерімен қамтылды.

Интернет желісінің жылдамдығы тек 8 елді-мекенде (Төле би, Шу қаласы, Алға, Бірлік, Белбасар, Жаңа жол, Көкқайнар, Қонаев, Абай, Шоқпар) қанағаттанарлық (8 Мбит/с) деңгейде.

2021 жылға 4 елді-мекенге (Тасөткел, Аспара, Балуан Шолақ, Далақайнар)  «Транстелеком» АҚ-ның жылдамдығы жоғары интернет желісін жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауданда 2 ауылдық клуб (Ақсу, Далақайнар)  апатты жағдайда болса, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 7 клуб бар (Мойынқұм, Ақтөбе, Алға, Белбасар, Жаңа жол, Абай, Қонаев).  Аталған мәселені шешу бағытында Ақсу (262,9 млн. тг), Далақайнар (276,5 млн. тг), Абай (256,9 млн. тг) ауылдарына 100 орындық, Қонаев ауылына 180 орындық ауылдық клуб құрылысына ЖСҚ әзірленіп (354,6 млн. тг) бюджеттік өтінім берілді.

Жол-көлік оқиғаларын төмендету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 94,0 млн теңге бөлініп, Шу қаласы мен Төле би ауылының орталық көшелеріне 62 дана (Төле би-12, Шу қ.-50) бейнебақылау камералары орнатылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.