A place where you need to follow for what happening in world cup

Дегерес шыңында көк байрақ желбіреді

207

2019 жылы аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың бастамасымен аудан жастарының қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шараларға көптеп қатысуын, қоғамда өз орнын тауып қалыптасуына барлық жағдай жасау мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар қолға алынғаны белгілі. Содан бері міне аталмыш бағыттар аясында көптеген жұмыстар іске асырылып келеді. Соның бірі – «Туған жер – тұнған шежірем» атты тарихи-танымдық экпедициясы.

Аталған экскурсия аясында тарихи жерлерді аралау үшін әу баста 17 маршрут белгіленген. Ауданның белсенді жастары әр аптаның сенбі күндері сол бағыттар бойынша экскурсия жасап, біраз тарихи жерлерді аралап келеді.

Дейтұрғанымен, әлемді жайлаған пандемияға байланысты бұл жұмыстар амалсыздан кейінге шегерілген болатын. Бірақ өткен сенбіде карантиндік талаптар қатаң сақталып, тарихи жерлерді аралау жұмыстары қайта жанданды.

Бұл жолы белсенді жастар Мақпал тауындағы биіктігі 1000 метрді құрайтын Дегерес шыңдарының біріне көтеріліп, онда көк байрақты орнатты. Кейіннен тау басынан облыстық жастарға үлкен сәлем жолдап, аталмыш іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанын жеткізді.

Шарапаты мол іс-шараға белсенді жастардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Тәутен, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернұр Мадияров, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Сәрсеханұлы қатысты. Сондай-ақ, іс-шарада «Жан жылуы» қайырылымдық қорының жетекшісі Жәнібек Жүсіпов бастаған ауданға белгілі жас кәсіпкерлер де бой көрсетті.

Айта кету керек, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырған іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев пен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа арнайы сөз сөйлеп, жиынға қатысқан әрбір жасқа өз алғыстарын жеткізді.

Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.