A place where you need to follow for what happening in world cup

Ел алдында атқарылған жұмыстың есебін берді

251

Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қуат Ембергеновтың Мыңарал стансасының тұрғындарының алдында есеп беру жиналысы өтті. Қ.Ембергенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты жолдауы ел арасында жаңа серпін, жаңа екпін туғызарлықтай қолдау тауып отырғаны баршамызға аян.

Мемлекет басшысы көздеген мақсаттар аясында елімізде қаншама нәтижелі істер жүзеге асырылды, қаншама тың өзгерістер, толағай табыстар дүниеге келді. Осы орайда Мыңарал ауылдық округіндегі қол жеткізілген тың өзгерістердіде атап өткім келеді:

2020 жылдың қорытындысы бойынша Мыңарал ауылдық округінің тұрғындарының саны — 1830 адам. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар -933, өзін өзі қамтығандар саны — 188, тұрақты жұмыспен қамтылғандар-, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті тұрғындар саны-1100. Ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайы тұрақты, халық саны жылдан жылға өсіп келеді. Жиналыс барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, пікірлер: Ауыл тұрғыны М.Оралова ауыз су жүйесін ретке келтіру туралы ұсыныс білдірді. Ауыл тұрғыны Н.Ақжолова Жамбыл цемент өндірістік компаниясының жер салық қаражаты округтің есеп шотына түссе екен деп ұсынысын айтты. Ауыл тұрғындарының басқада ұсыныс, пікірлері айтылып өтті. Жиынның соңында барлық мәселелер толық қаралатындығы және айтылған ұсыныс, пікірлер назарға алынып бақылауда болатындығы айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.