A place where you need to follow for what happening in world cup

8,2 млн. теңге қаржылық заңбұзушылықтар анықталған

332

«Антикор» сервистік орталығында өткен брифингке департамент басшы Ә.Әшірбаев және департамент басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаев өткен жылды қорытындылады. Тек қылмыс жасағаны үшін істі болғандар тізімі емес, алдын алу жұмыстарының күшейгенін айқын басып айтты. Бұл өңірде 2019 жылмен салыстырғанда едәуір жымқыру фактілерінің төмендегенін көрсетеді. Енді сандар сөйлесін, Департамент сыртқы талдау жүргізу инструментімен елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Есептік кезенде мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 сыртқы талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде 82 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Сыртқы талдау қорытындысымен 40 ұйымдастырушылық басқарушылық шаралар қабылданып, 19 құқықтық актіге және 3 НҚА – ге өзгеріс енгізілді.
Мысалы, «Рухани Жанғыру» жобалық кеңсесі қызметіне жүргізілген талдау нәтижесімен 8,2 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Аталған сомма мемлекеттік бюджетке толығымен қайтарылды.
Экология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен биологиялық негіздемелер жүргізбегендігіне байланысты 9 мемлекеттік экологиялық сараптамаларының күші жойылған.
Табиғи ресуртар басқармасына енгізілген ұсыныстар нәтижесінде облыс әкімінің қаулысымен 12 су айдындары мен аншылық алқаптары бойынша келісім шарттар бұзылып мемлекетке кері қайтарылған.
Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандардағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссия құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін енгізу бойынша тиісті қаулылар қабылданған. Осылайша, шақыру комиссиясының құрамына жұртшылық өкілдерін қосу арқылы қабылданатын шешімдердің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал еткен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.