A place where you need to follow for what happening in world cup

«Nur Otan» партиясы Жуалыны туристік аймаққа айналдыруға ден қояды

547

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Әлімбек Жұмабаев пен Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Айбек Елекбаев, Гүлнұр Қадырбек, Зиятхан Бүрлібаев «Көкбастау» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында еліміздегі жетекші партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары сөз болып, сайлаушылардың ұсыныс-тілектер тыңдалды.
«Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасында «Каралма» тау шаңғысы базасының екінші кезеңін салып, 2022 жылға дейін Жуалы ауданында «Қазақ ауылы Көксай» инвестициялық жобасы іске асыру жайы айтылады.
Сонымен қатар таулы аймақтағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда аудандағы елді мекендерде жалпы ұзындығы 582,7 шақырым болатын газ құбыры тартылған. Таяу арада мұнда жаңа өрт сөндіру бекеті құрылып өз жұмысын бастайды, — деді «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырған кандидат Ә.Жұмабаев.
Батырлар мекені саналатын аудан тұрғындары үшін сапалы интернетке қол жеткізуде өзекті мәселенің біріне жатады. Бұл орайда партияның сайлауалды бағдарламасындағы 2025 жылға дейін өңірдегі 133 елді мекенді интернетпен қамту туралы бастамасы да жуалылық жұртшылықтың көңілінен шықты.
Өз кезегінде сайлаушылар қоғам өмірінің барлық саласындағы түйткілді шешудің тетіктері қарастырылған «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының халықты толғандырған мәселелерді шешуімен құнды екенін алға тартты. Сондықтан да олар алдағы сайлауда бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге әзір.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.