A place where you need to follow for what happening in world cup

Ортақ іске жұмылды

376

«Nur Otan» партиясының бес жылға жоспарлаған бағыттары айқын. Бұл мақсаттар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағдарланған. Әсіресе ауылды өркендету жолында индустрияландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларының аясында инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру жүйелі жолға қойылмақ.
Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы атынан тіркелген аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Дармағамбетова мен А.Байдалиев Қарасу ауылдық округіне қарасты Шайдана ауылы тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында жүздесіп қайтты.
Кездесуде тұрғындар ауылға қашан газ құбыры тартылатынын, балалардың сабақты онлайн форматта оқуына интернет желісінің нашар, тіптен желі ұстамайтынын жеткізіп, көкейде жүрген түйткілді мәселелерді ортаға салды. Кандидаттар 2025 жылға дейінгі бағдарламада көрсетілгендей, аудан халқын сапалы ауызсумен, интернет желісімен және газбен қамтамасыз ету мәселнсін шешуді жоспарлап отырғанын айтты. Сондай-ақ Шайдана елді мекеніне ағымдағы жылы газ жүргізу мәселесін қолға алып отырғанын жеткізді.
– Қандай сала болмасын, «Nur Otan» партиясы өңірді дамытуға жеті басымдық беріп отыр. Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» жобалары аясында атқарылатын жұмыстар ауқымды. Сондықтан ынтымақ-бірлік танытып алдағы өтетін сайлауға ауызбіршілікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамыз, – деді кандидаттар.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.