A place where you need to follow for what happening in world cup

«Birgemiz: Saulyq» бағыты аясында онлайн марафон өткізілді

147

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Жаңа-Ру» жастар коалииясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың «Жастар арасында волонтерлық қызметті дамытуға бағытталған мақсаты іс-шаралар өткізу» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Birgemiz:Saulyq»  бағыты аясында Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 3 шақырым жүгіруден онлайн марафон өтті. Марафонға қатысу үшін бұл жерге ат терлетіп келудің еш қажеті жоқ. Еліміздің кез келген жерінен, кез келген уақыт аралығында марафонға қатыса алды. 3 шақырымдық марафонға қатысу үшін қатысушылар ең алдымен «Strava» ұялы қосымшасын жүктеп, «Жастар ресурстық орталық» КММ-нің Инстаграм парақшасы белгілеу арқылы марафонға қатысты. Марафон жайында ести сала спортқа жаны жақын жастар мен жасөспірімдер бұл марафонга қатысуға өз ниеттерін білдірді.

Марафонға шығармашыл жастар, жас ақындар, Құмшағал алқабының жастары, «Темірқазық» волонтерлық қозғалысы, «Жалын» волонтерлық қозғалысы, «Сұңқар» волонтерлық қозғалысы, «Жас сарбаздар» қозғалысы, жайдарманшылар, №13 Темір жол колледжі, №12 колледж және Техника және бизнес колледжінің жастары ат салыса белсенділік танытып қатысты.

Әлемдік пандемия талай жарысқа тұсау болды ғой. Әйтпесе, қазір де Қазақстанның көптеген жерлерінде жұрт жарысқа түсуші еді. Онлайн марафонның ұйымдастырылуы жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып салауатты өмір салтын қайта жандандыруға үлкен септігін тигізді.

Емелбек Абаев Алматы облысы, Талғар ауданы, Жалқамыс ауылынан, марафонға қатысушысы: «Жүгіру де адамға мотивация жасайды. Күш береді, қайрат береді. Өзің жүгіргенмен де, қасындағы адамдарды көріп, кішкентай балаларды көріп, велосипедпен жүрген үлкен кісілерді көріп, бізге, жастарға мотивация, күш-қайрат энергия береді. Бұл өте керемет. Мен өзімнің денсаулығым үшін 3 шақырымды аса өтіп 7.2 шақырымда жүгіріп өтіп, қосымша жаттығулар жасадым» — деп өз сөзін қорытындылар, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Марафонға  қатысушыларының барлығы бақ сынауы үшін емес, әр бір қатысушы өздерінің денсаулығы үшін жүгіргендерін айтып өтті.

Жарысқа қатысушылар арасынан үздіктері анықталып алғыс хатпен марапатталып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Бірінші орынды Ермек Мейіржан, екінші орынды Спабек Еркебұлан, үшінші орынды Амангелді Нұрзат иеленді.  Марафон жеңіпаздарын Тараз қаласы әкімінің орынбасары    Садубаев Алмас Қадырбекұлы марапаттады. Қатысушылар марапат соңында естелікке суретке түсіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.