A place where you need to follow for what happening in world cup

Қалтқысыз қызметтің жемісі

311

Бүгін Шу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 6 желтоқсан – Прокуратура күніне орай аудан әкімі Нұржан Календеров құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
– Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттелген бұл салада қызмет жасау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі кезде ауданда прокуратурамен қоса аудандық сот, ішкі істер бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, әлеуметтік-саясаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерін қатаң бақылауда ұстап келеді, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шара барысында құқық қорғау саласының дамуына үлес қосқан прокуратура қызметкерлері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.