A place where you need to follow for what happening in world cup

Шекарада олқылық орын алмас үшін…

334

Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі болып өтті. Кеңес отырысында баяндама жасаған ҚР ҰҚК-ті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің аға офицері, майор Данияр Насыролланов шекараны күзету барысында орын алған маңызды сауалдар мен шешу жолдары және шекараға қатысты басқада мәселелерді тілге тиек етті.
Хабарламашының айтуынша, шекаралық аймаққа жақын орналасқан елді мекендегі тұрғындарға заңсыз әрекеттердің алдын алу яғни, контрабандалық жолмен мал айдап өту, есірткі заттарын тасымалдауға шектеу қою мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізу, заң талаптарын еске салып, ішкі саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұрлық-қарлықтың соңы абыройсыздыққа, мемлекетіміздің мәртебесіне нұқсан келетіні жөнінде жиі айтып құлағдар ету маңызды болып отыр. Бұлай дабыл қақанымыз, Жамбыл ауданы аумағында шекара бұзушылардың қатары өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Бесағаш, Жасөркен ауылдарында жиі орын алатын жағдайларға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ескерту оқтары атылып, айыппұлдар салынуда. Мал өткізушілер жинақылық іс-қимылға дағдыланып келеді. Олар әртүрлі айла-тәсіл арқылы: назар аудару, алаңдату, кездейсоқ шекара маңында мал жайып, оны білместтіке салып, мал санақ чиптерін қолдануда.
Сонымен қатар ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамызындағы №866 үкіміне сәйкес, шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының қатарынан мемлекеттік шекараны қырағы күзету және сенімді қорғау үшін шекара бөлімшелерінде ерікті жасақ топтарын жасақтау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Жергілікті атқарушы билік тарапынан ерікті жасақ мүшелеріне 11 азамат ұсынылған. Ұландарға шекара бөлімшелерінде «Шекарашылардың жас достары», «Жасыл фуражка», «Жасыл берет», «Аспара шекарашылары», «Жас шекарашы» секілді кадет ұйымдары қарастырылғанын айтып, жергілікті әкімшілікті шекара қорғауға қолғабыс ету қажеттігін алға тарты. Бұдан бөлек департаменттің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Алишер Жүнісәлиев өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кеңес отырысын қорытындылаған Ерлан Қыдыралыұлы заңсыз әрекеттерге барған азаматтардың есімдерін тұрғындар алдында жария ету қылмыстың белең алмауына ықпал ететінін жеткізіп, округ әкімдеріне шекара қызметкерлерімен қоянқолтық байланысты болуды тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.