A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаментінің қызметі талқыланды

265

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев департаменттің 2020 жылғы қызметі туралы «AntikorLive» жобасы аясында айтып берді.
Спикердің айтуынша, Агенттік және оның аумақтық департаменттері, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтудің тиімділігін, ең біріншіден алдын алу шаралары мен қоғамдағы парасаттылық құндылықтарын насихаттау арқылы жүзеге асыруда.
Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен алғышарттарын анықтау және жою бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні, Департаментпен іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын мониторинг пен сыртқы талдау жүргізу механизмдері кеңінен қолдануда.
Атап айтқанда, Департаментпен 15 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 46 ұсыныс берілді.
Мониторингпен жер бөлу және оның игерілу мәселесі, білім саласындағы гранттардың, ауылшаруашылық саласынағы субсидияның бөлінуі, тұрғын үй саласындағы кезектілік сақтауы және тағы басқа салалар қамтылды.
Сонымен қатар Департамент, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижесіде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып бүгінгі күнге 413 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Онымен қоса, есептік кезенде 10 мемлекеттік органдардың, оларға қарасты мекемелердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша 72 ұсыныс енгізілді.
Мониторинг және сыртқы талдау нәтижесінде анықталған бұзушылықтармен 9 млн. теңгеге жуық қаражат бюджетке кері қайтарылып, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар 3 нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Қарігі таңда ветеринария, экология және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 12-ге жуық нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтуде.
Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға ерекше назар аударып отырмыз.
Бізбен жастар арасында парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатаныда «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобалары іске асырылып келеді, қоғаммен кері байланыс орнату және құқықтық кеңес беру мақсатында «Антикор лайв», «Адал көмек» жобалары, тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған «Жамбыл –адалдық алаңы», «Сапалы жол» және т.б. бірқатар жобаларды іске асырып келеміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.