A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл шаруашылығы саласында ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету қажет

12 777

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша Агенттік пен Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Онда ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ведомстволардың басшылық құрамы, аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы қоғамдық консультативтік-кеңесші органдардың өкілдері қатысты (БКБ арқылы).

Кеңес барысында ветеринариялық бақылау және қадағалау, агроөнеркәсіптік кешеніндегі (бұдан әрі – АӨК) мемлекеттік бақылау комитеттерінің қызметінде бұрын жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың, сондай-ақ қылмыстық-тергеу тәжірибесінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтердің нәтижелері бойынша басқа да мәселелер талқыланды.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов өз сөзінде Министрлік басшылығына бірінші кезекте басты назарды қажет ететін «негізгі» мәселелерді атап өтті.

Бұл геопорталдарды үдемелі енгізу, ведомстволық ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялау, «Qoldau.kz» цифрлық тұғырнаманы жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыру.

Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі А.Соловьева ауыл шаруашылығы саласының ашықтығы мен айқындылығын арттыру мақсатында жұртшылықпен жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда «Ауыл шаруашылығы министрлігі – Адалдық алаңы» жобасын іске асыруды жандандыруға шақырды.

Өз кезегінде, Министрліктің жауапты хатшысы М.Оразаев кеңеске қатысушыларды АӨК саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша, оның ішінде ұсынылатын құжаттардың мерзімдері мен тізбесін қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, АӨК саласындағы субсидиялау қағидаларына және жер қатынастарын цифрландыру саласында қабылданып жатқан НҚА өзгерістер, «Адалдық алаңы» жобасы аясында аумақтық бөлімшелердің жұмысы туралы хабардар етті.

Бүгінгі күні аумақтық бөлімшелер басшыларының қызметін бағалау және оларды ротациялауды тұрақты негізде жүргізу, бақылау-қадағалау қызметі саласында әкімшілік іс жүргізуді электрондық форматта қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және ҚР қолданыстағы заңнамасында қабылданған жаңа талаптар бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмысын күшейту арқылы олардың қызметін түбегейлі жақсарту жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.