A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы жүйелі

257

Ағымдағы жылдың  маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің тапсырысы бойынша Жамбыл облысы ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтар арасында радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар жобасы жүзеге  асырылды.  Аталған жұмыстарға облыстағы жоғары білімді, білікті теолог, дінтанушы, исламтанушы мамандар тартылды. Мамандар тарапынан, жазасын өтеп жатқан азаматтардың бойына имандылық, тәртіп, кішіпейілдік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту мақсатында   «Иман мен исламды кеңінен түсіндіру», «Матруди сенімін баяндау», «Уақыттың қадірі», «Діннің мақсаты – халифат құру емес», «Адамдарға зиян берудің қатері», «Ислам – ынтымақ діні», Матруди ақидасы» және т.б. діннің өзекті тақырыптарында  150-ге жуық кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, аталған жоба шеңберінде Нұр-Мұбарак ислам мәдениеті университетінің докторанты Стамбакиев Нұржан, «Ақ-ниет» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының      теологы Тілманбетов Танат, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Қайырғалиев Мақсат, Павлодар облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптау орталығының директоры Раздықова Гүлназ сынды елімізге белгілі, тәжірибесі мол теологтар мен психологтардың қатысуымен  жазасын өтеуші азаматтар және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен  кездесулер ұйымдастырылды.

Жоба аясында жергілікті және республикалық газеттер мен сайттарда дін саласының өзекті тақырыптары төңірегінде 10-нан астам мақалалар жарияланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.