A place where you need to follow for what happening in world cup

«Жолдау – жастардан жастарға»

192

Бүгін Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округінің Желтоқсан клубындааудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерімен және ауданның белсенді жастарының қатысуымен «Жолдау – жастардан жастарға» атты акция өтті.
Аталмыш акцияға аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев қатысып, жастармен тілдесті. Алдымен акцияда аудан әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Марат Белгімбаев жыл ішінде орталықтың атқарылған жұмыстары жайында айтып өтті. Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын негізге ала отырып пандемиямен күресте ерікті жастардың алар орыны зор екенін атап, аудандағы ауылшаруашылық, құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар жайын назарға ұсынды. Сонымен қатар алдағы мәжіліс депутаттарының сайлауында да жастардың алар орын еркеше екеніне тоқталды. Бұдан бөлек аудан, ауыл жастарын еңбекке шақыру, тазалық, тәрбиелік маңызы бар акцияларын ұйымдастыру жағын баса айтып, алдағы уақытта тың идеялары мен жоспарларын бір арнаға тоғыстырып, ауданның әлеуетін арттыру жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Сонымен қатар акцияда жас кәсіпкер Эльвира Жамбылқызы, Кеңес ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспектор Ернат Абдраймовтар сөз алып аудандағы ауылшаруашылық, құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдірсе, ал Қызылтал ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Асылхан Таңатар және Бірлік ауылының тұрғыны Данияр Қонсалиевтер өз сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар алды.
Жиын соңында «Волонтер жылына» орай ауданымыздың бірқатар азаматтары марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.