Облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шаралардың жеңілдетілуі қабылданғанымен барлық шектеу шаралары алынып тасталған жоқ. Сонымен бірге, санитарлық талаптарды сақтау бойынша талаптар сол қалпында қалып отыр. Сол талаптар қазіргі таңда қалай сақталып отыр? Осыған зерделеу жүргізу мақсатында аудандық мобильдік топ Қордай ауылында үздіксіз рейд жүргізуде.
Аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов бастаған топ мүшелері коммерциялық нысандарға да бас сұғып, ондағы санитарлық талаптардың сақталауын қадағалап, саудагерлерге міндетті сақтық шараларын қатаң ұстау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, асхана мен дәмханаларда болып келушілердің 30 адамнан аспауын қатаң қадағалау туралы иелеріне ескерту айтты, сонымен қатар тойлар мен банкеттер қабылдауға тиым салынғаны туралы тағы бір мәрте еске салды. Дегенмен, күні кеше жүргізілген рейд жұмыстары барысында Қордай ауылындағы «Көмбеш» тамақтану орны мен «Қанат» азық-түлік дүкенінде санитарлық талаптардың сақталмағандығы анықталса, бүгін Қордай ауылының Ә.Жұмабеков көшесінің тұрғыны беташар рәсімін өткізіп жатқаны анықталды.
Той иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, құжаттары тиісті мекемеге жолданды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық