A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықтың әлеуетін арттыру – басты назарда

274

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін барынша қолдану керектігін атап өткен болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 600 миллиард теңге қарастырылған.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту — бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және ең алдымен, халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару. «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мақсаты — халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру.

Бүгінгі таңда Үкіметке жүктелген үлкен міндеттердің бірі-қарапайым заттар экономикасын құру болып табылады. Яғни, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауыл-аймақтардың әлеуетін арттыру — жергілікті биліктің басты назарында. «Екі қолға бірге күрек табылады» демекші, ауылдағы ағайындар ауласында бос жатқан жерлерді игеріп, қорасындағы бес-алты бас малын көбейтуге ынталанып ниеттеніп жатқаны жан жадыратады. Тіпті, кейбірі істі бастап та кетті. Үкіметтен осы бағыттарға арнайы жеңілдетілген несие де қарастырылып, кәсібін дөңгелетемін деген жандарға берілуде.

Бұдан бөлек, киер киім, жатар орын, ішер тамақ, яғни адам жанына қажетті дүниенің барлығын кәсіп көзіне айналдыруға болады. Міне, осылар өзімізде өндірілсе, қарапайым заттар экономикасы деген осы.

«Қарапайым заттар экономкасын» дамыту бағдарламасы кәсіпкерлікті дамытудың және жұмыспен қамтамасыз етудің маңызды құралы болып тұр. Жобалардың бәрі өңірлерде ақырындап іске асуда. Жергілікті билік өкілдері бағдарламаның іске асуына белсене атсалысып, жаңа жобалар мен тиімді шарттарды  ұсынып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттің басты байлығы — адам және оның өмірі болғандықтан, оның хал-ахуалы, әлеуметтік жағдайы әрқашанда басты назарда болуы тиіс екенін ескерген биліктегілердің осындай жобалары сәтті түрде іске асырып, екі жақты қолдау болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

 

Талғат АХМЕДОВ,

Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.