Жамбыл облысында пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға көмек көрсетілуде. Тұрар Рысқұлов аудандық пробация қызметі еріктілермен «Әліби» жеке кәсіпкерлігінің қолдауымен бірге қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, есептегі тұлғаларға жеңілдікпен азық-түлік алуға қол ұшын созды.
Аудан орталығындағы «Шаңырақ» дүкенінен 30 пайыздық жеңілдікпен сатып алынған азық-түліктерді иемденген тұрмыс жағдайы төмен есепте тұратын азаматтар жомарт жандарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Айдос СУКЕНОВ,
Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры